Астанада машина жасаушылар форумы басталды

12:41, 20 қыркүйек 2017

Қазақстанның жаңа индустрияландыруы: жоғары технологиялық машина жасау.

Астанада осы тақырыпты талқыға салған Қазақстан машина жасаушыларының форумы басталды. Жиында қорғаныстық техника  жасау бағыты басты назарға алынған. Аталмыш форум осымен бесінші рет ұйымдастырылуда. Оның жұмысына Қазақстанда тіркелген әскери атташелер, күштік құрылымдардың өкілдері, сондай-ақ отандық және шетелдік машина жасау компанияларының өкілдері қатысуда.

Жалпы қорғаныс саласында бұған дейін бірқатар жоба іске асырылған. Оларды атап айтатын болсақ. EC145 тікұшақтарын құрастыру және техникалық қызмет көрсету жолға қойылыпты. Броньдалған доңғалақты көлік құралдарын  өндіру зауыттары да салынған. Бұрғылау қондырғыларын, вагон, жүк автомобильдері, тіркемелер, тактикалық және жедел радиостанцияларды өндіру, авиация және арнайы техниканы жөндеу мен жаңғырту өндірістері қалыптасқан.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!