Астанада Мақпал Жүнісованың бағалы тастан жасалған әшекейін ұрлап кетті

10:50, 8 қаңтар 2019
479

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісованың ақ алтын мен рубин тастардан жасалған әшекейі қолды болды. Бұл туралы әнші өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

​«Барлық жамандық осы сырға мен сақинаны ұрлаған адаммен бірге кетсін. Астанада өткен «Ән мен әнші» концертінен кейін көзден ғайып болды», - деп жазды әнші.

Айта кетейік, «Ән мен әнші» концерті 20 желтоқсанда Бейбітшілік және келісім сарайында өткен болатын.

«Ұрлық түбі қорлық екенін ұмытпаған абзал. Әнші қыздардың бірі немесе сол қыздардың жанында бояндырып, киіндіріп жүргендерден деп жорамалдадым. Өйткені, киінетін жерге бәрі кіріп алып еді. Одан кейін Қарақат үйіне дәмге шақырды. Ол жерде мен кішірек сырғамен болдым. Өте ыңғайсыз екен. Бұдан кедей болып қалмаспын, дегенмен өте сақ болатын болдық», - деп жазды Мақпал Жүнісова.

Әнші сырғасы мен жүзігінің қолды болғанын Алматыда бірақ білген. Бұған қоса, халық әртісі осымен бесінші әшекей затының ұрланғанын жазды.

«Бағасы өте қымбат. Таза бриллианттар, ортасындағы таза үлкен рубин, ақ алтын. Алқасын үйге қалдырғам, сырғасы мен сақинасын концертте таққам. Жанындағы жат емес, өз қазағын тонаса өз ұлтына деген сенім де, махаббат та жойылады. Ол дегеніңіз үлкен қасірет», - деді халық әртісі өз жазбасының астына жазылған оқырман пікіріне жауап берген кезде.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!