Астанада күтуші әйел жарты млн теңгенің алтын бұйымдарын ұрлаған
© Фото: Zakon.kz
Тергеу барысында жәбірленуші отбасының 29 жастағы елорда тұрғынын күтуші етіп жұмысқа алғаны анықталды.
Әйел адам жарты жылға жуық жұмыс барысында жұмыс берушілердің сеніміне әбден кіріп, зергерлік бұйымдарды бірнеше рет ұрлағаны анықталды.
Ол ұрланған мүлікті ломбардқа тапсырып, алған ақшасын жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 550 мың теңгені құрады.
Әйел адам өз кінәсін мойындады. Айғақты заттар алынды. Қазіргі уақытта оның басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.
Астана қалалық полиция департаменті тұрғындарға сақтық шараларын сақтауды ескертеді. Жалданған қызметкерлердің өмірбаяны мен ұсынымдарын мұқият тексеріңіз, құнды заттарды қараусыз қалдырмаңыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:30, 29 қараша 2024
Атырауда балаларды тірідей өртеп жіберген күдікті өмірінің соңына дейін түрмеге тоғытылды
-
13:17, 29 қараша 2024
«Астанада полицей қыз зорлады» - ПД түсініктеме берді
-
13:04, 29 қараша 2024
Павлодар облысында 1800-ге жуық азамат алаяқтарға сеніп қалды
-
12:52, 29 қараша 2024
Қазақстанды Олимпиада медалінен айырған балуан спорттан шеттетілді
-
12:44, 29 қараша 2024
Қарлы боран, көктайғақ: демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы