Астанада көшеде тұрған көлік жанып кетті

11:36, 18 қаңтар 2018

18 қаңтар күні таңертеңгі уақытта Астана көшелерінің бірінде тұрған көлік жанып кетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «109» қызметіне сілтеме жасап.

«18 қаңтар күні 8 сағат 38 минутта Мәңгілік ел мен Тұрар Рысқұлов көшелерінің қиылысында Daewoo Nexia маркалы көліктің жанып жатқаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің екі бригадасы жетті. Өрт сөндіру қызметінің жедел жұмысының нәтижесінде өрт 08 сағат 53 минутта сөндірілді», - делінген хабарламада.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!