Астанада көпбалалы отбасыларға қоғамдық көлікке арналған жеңілдік картасы беріледі

12:48, 25 мамыр 2018

Астанадағы көпбалалы отбасылар қоғамдық көлікке арналған жеңілдік картасын алуға құқылы, деп хабарлайды Baq.kz.

«2018 жылы төртінші баланы тууға біржолғы жәрдемақыны тағайындауға хабарласқандар және көпбалалы отбасы ретінде арнайы мемлекеттік жәрдемақыны алмайтын көпбалалы отбасылар қалалық қоғамдық көлікте тегін жол жүру үшін жеңілдік беретін көлік картасын алуға құқықтары бар», - делінген хабарламада.

Осыған орай, жоғарыда көрсетілген тұлғалардың санатына кіретін ата-аналар Достық, 13 мекенжайында орналасқан басқарманың № 6 бөліміне баруға немесе 55-68-22, 55-68-34, 55-68-40 байланыс телефондарына хабарласуларына болады. Өзімен бірге ата-аналардың біреуінің жеке куәлігін, барлық балаларының туу туралы куәліктерін, отбасы мүшелеріне арналған мекенжай анықтамасын ала баруы қажет.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!