Астанада қоқыс өңдейтін тағы бір зауыт салынбақ

16:17, 20 ақпан 2019

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов халыққа есеп беру барысында қоқысты өңдеу жайлы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Құрметті азаматтар, қоқыс жайлы, әкімнің сіздерден үлкен өтініші – қоқысты сұрыптай білейік. Ойлап қараңыздаршы, 24 сағаттың ішінде мың тонна қоқыс шығады. 2019 жылдың соңына дейін бізде қоқыс өңдейтін екі зауыт болады. Егер өзіміз тырыспасақ, Швейцариядағыдай өмір сүрмейміз", - деді елорда басшысы.

Бақыт Сұлтановтың айтуынша, ағымдағы жылдың соңына таман қалада тағы да бір қоқыс өңдеу зауытының құрылысы аяқталады. Ол дегеніміз пайдаға асыру күшін 50% арттырады деген сөз.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!