Астанада Қарулы Күштердің құрылуының 25 жылдығына арналған ауқымды парад өтеді

18:28, 27 наурыз 2017

2017 жылғы 7 мамырда Астанада Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығына арналған әскери парад өтеді. Жылдың ауқымды әскери шарасына кешенді дайындық басталып та кетті. Сонымен, ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақов көшпелі жұмыс кеңесін өткізді. Оның барысында Астана қаласында өтетін әскери парадты сапалы ұйымдастыру және оны өткізу жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді, деп хабарлайды BNews.kz.

Источник: bnews.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!