Астанада халықаралық стандартқа сай 60 балалар ойын алаңы орнатылады

22:05, 23 маусым 2017

Елордамыз да гүлденіп, түрленіп келеді. ЭКСПО қарсаңында ғана емес, шаһарды дамыту жұмыстары арнайы жоспар негізінде жүйелі жүзеге асып келеді. 

30 жастағы Кәмшат Жұбаева – үш баланың анасы. Күнделікті серуенге шыққанда, балалар алаңдарының қауіпсіздігіне назар аударады. Бүгінде жас ана Астанада көптеп орнатылған балалар алаңдарына көңілі толатынын айтады.

Кәмшат Жұбаева, ата-ана:

-Бұрынғы темір ойыншықтарға қарағанда, балаларыма осылай ыңғайлы. Мен – үш баланың анасымын. Осы жерге күнде келіп, балаларымды ойнатамын.

Еркеназ Бекзат, оқушы:

-Бұл аула өте әдемі. Күнде келемін. Достарыммен ойнаймын.

Ата-аналар қауымының заманауи балалар алаңдарына көңілі толатыны заңды құбылыс. Олай дейтініміз, бұл құрылғылар биылғы жылы қабылданған Еуразиялық экономикалық одағының техникалық регламенті шеңберінде орнатылады. Маңызды құжат негізінде алаңдардағы спорттық құралдар, әткеншектер, тіпті, төсемелердің свапасы тексерістен өтеді. «Ең бастысы – балалардың қауіпсіздігі», –  дейді мамандар.

Әлия Жампозова, өндіруші компания филиалының жетекшісі:

-Бұл регламентке сәйкес балалар алаңдарын қолданысқа беру талаптары қатал болады. Яғни жауапты мекеменың алаңдарды орнату және монтаждау кезіндегі жұмысы қатаң бақыланады. Сонымен қатар әлемдік фирмалардың тауарларын көшіріп жасауға жол берілмейді.

Сала мамандарының айтуынша, соңғы жылдары қауіпсіз әрі әсем балалар алаңына деген сұраныс арта түскен. Мәселен, жыл соңына дейін еліміздің бас қаласында тағы 60 алаң орнатылады. Бір ойын кешенін орнытуға 60 млн теңгеге жуық қаржы жұмсалады екен. Сонымен қатар алаңдарға екі жылдық кепілдік беріледі.

Александр Камышанский, мердігер компанияның өкілі:

-Шағын сәулеттік формаларды Ресейден тасымалдаймыз. Сапасында мін жоқ. Әрине, балалар алаңдарын орнатуда тұрғындардың өтініш-тілектерін ескереміз. Ойын алаңдарының түр-түсін, формаларын астаналықтар өздері таңдайды.

Жалпы бүгінде Астанада 1500-ге жуық аула алаңы бар. Болашақта ескілері халықаралық стандарттарға сай нысандармен аластырылмақ.

Авторлары: Ақмарал Есімханова, Қанат Әбілдин

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!