Астанада ғарыш аппараттарын құрастыратын зауыт ашылады

18:36, 19 қазан 2017

Қазақстан ғарыш аппараттарын өз жерінде құрастырады. Астанадағы кешеннің құрлысы қазір аяқталып қалды.

Бұл туралы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов халықаралық форумда мәлімдеді. 

Айтуынша, қазір осы салаға инвестиция тарту және «Байқоңыр» ғарыш айлағын әрі қарай жетілдіру бойынша ресейлік әріптестермен келіссөздер жүргізіліп жатыр. 

Форумда жерді қашықтықтан зондтау мен дәлдігі жоғары спутниктік навигация деректерін тиімді пайдалану мәселелері де сөз болды. Басты назар жаңа экологиялық қауіпсіз «Бәйтерек» зымыран кешенін құру жобасына аударылды. 

Бейбіт Атамқұлов, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі 

– «Бәйтерек» зымыран кешені жобасы 2022 жылы толық іске қосылады деп жоспарлап отырмыз. Ресейлік әріптестер зымыран тасығыштың жаңа моделін құрастыру ісімен айналысса, қазақстандық тарап кешеннің инфрақұрылымын әзірлеуді қолға алады. Жобаны іске асыру бойынша жұмыстар қазір басталып кетті.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!