Астанада EXPO кезінде қызмет еткен медицина қызметкерлері марапатталды

18:29, 20 қыркүйек 2017

Елорда төрінде 3 ай бойы өткен EXPO көрмесінен көп нәрсе көрдік, білдік, түйдік. Ел дәрігерлері үшін де бұл шара үлкен тәжірибе болды.

Бүгін Астанада сол көрме кезінде қалтқысыз қызмет еткен бір топ медицина маманы марапатталды. Жалпы EXPO-2017 кезінде 9 мың адам дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Кәсіби мамандар бір де бір асқыну мен өлім-жітімге жол бермей, жедел әрі жүйелі жұмыс жасай білді. 

Жандарбек Бекшин, ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы: 

-Біздің медицина саламызда осындай медициналық-гигиеналық сүйемелдеу жұмысы ұзақ мерзімде бірінші рет өткізіліп отыр. Бұл шара бізге үлкен мектеп болды. Екінші жағынан үлкен тәжірибе алдық. Бұл жұмысты атқаруға аймақтардан 300-ден астам маман атсалысты.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!