Астанада Денис Тенмен қоштасу рәсімі өтеді

12:47, 20 шілде 2018
376

Астана – Ертең 21 шілде сағ 10.00-де «Барыс-Арена» СК белгілі мәнерлеп сырғанаушы, елімізге еңбегі сіңген спорт шебері, 2014 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тенді еске алуға арналған азаматтық жаназа өтеді. Бұл туралы zakon.kz ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің берген ақпаратына сілтеме жасап хабарлайды.

Хабарламада жазылғандай, шараға спорт саласының танымал азаматтары, белгілі спортшылар, жаттықтырушылар, сонымен қатар, Астана қаласының тұрғындары қатысады. Азаматтық жаназа Алматы қаласындағы шарамен тұспа-тұс өтеді.

Барлық жаңалықты мына сілтемеден оқи аласыздар.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!