Астанада цифрлық қызмет көрсету орталығы ашылады

22:00, 19 қазан 2017
582

Алдағы қараша айында елордада халыққа қызмет көрсететін цифрлық орталық ашылады.

Ол туралы бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының өкілі айтты. Онда азаматтарға электронды қызметтерді қалай пайдалану керектігі үйретіледі. Сол арқылы қызмет түрлерінің тиімділігі артуы тиіс. Айта кетейін, электронды қолтаңба кей қызметтер үшін алынып тасталды. Мәселен қазір мекенжай анықтамасын алуға оның қажеті жоқ. 

Абылайхан Оспанов, «Азаматтарға арналған үкімет» МК басқарма төрағасы:

– Біз электронды цифрлық қолтаңбаны кейбір қызметтер үшін алып тастап жатырмыз. Мысалы мекенжай анықтамасын алу үшін аталған қолтаңба енді қажет емес. Бірақ кейбір азаматтар мекенжай анықтамасын алу үшін біздің орталыққа қайтадан келеді. Сол цифрлық цонда адамдарға бермей үйретеміз, келмей-ақ өздері алатын болады.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!