Астанада автокөлікке қызмет көрсету орталығында өрт шықты

18:05, 26 қыркүйек 2024

© Сурет: pixabay

Астананың Сарыарқа ауданы Талапкерская көшесі бойындағы автокөлікке қызмет көрсету орталығында өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нақтыланған ақпарат бойынша ғимарат екі қабатты, бірінші қабатында автокөлікке қызмет көрсету орталығы орналасқан. Екінші қабатта жатақханада үй заттары жанды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, сағат 17:40-та өрт толығымен сөндірілді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!