Астанада аштық құрбандарына орнатылған ескерткіш-мүсін ұрланды

12:59, 23 сәуір 2018
392

Астанада аштық құрбандарына орнатылған композициялық ескерткіштен ұл баланың қола мүсінін ұрлап кеткен. Полицейлер күдіктіні үстап,қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Абай-Республика көшелерінің қиылысында орналасқан 1932-1933 жылдардағы аштық құрбандарына арналған ескерткіштің бір бөлігін ұрлаған күдікті қамауға алынды»,-деп жазылған хабарламада. ҚР ҚК 188-бабы (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Сонымен бірге ұрланған мүлікті сатып алған адамның да аты-жөні анықталды.

Қазір 196-бап (Көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi күні бұрын уәделеспей иемдену немесе өткізу) бойынша тергеу жұмыстары басталды.

Жүген ұстаған бала композициясын полицейлер металл сынықтарын қабылдау пункттерінің бірінен тапқан.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!