Астанада апатқа байланысты 230-дан астам үй газсыз қалды

21:55, 28 қараша 2022

© Сурет: pixabay

Елордада 28 қарашада сағат 18:40-та "Газовик" ЖШС-ның құрылыс техникасы жер қазу жұмыстарын жүргізу кезінде орташа қысымды газ құбырын зақымдаған. Салдарынан "Көктал-1" ауданында газ беру қызметі толығымен тоқтатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдай Шұғыла көшесінде орын алған. Зақымданған газ құбыры ГРПШ-14,15,16-ны табиғи газбен қамтамасыз ететін.

"236 абонент газсыз қалды. Апаттың салдарын жою жұмыстары аяқталғаннан кейін газ беру қызметі қайта қалпына келтірілетін болады". "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ

Компания зардап шеккен аудан тұрғындарынан апаттық кранды жабуды сұрады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!