Астана жастары 450 түп ағаш отырғызды

19:10, 22 сәуір 2017
699

Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының қызметкерлері Сарыарқа ауданының әкімдігімен және «Жас Отан» ЖҚ бірлесе,450 түп ағаш отырғызды.

«Гүлдене бер, Туған ел!» акциясына 100-ден астам адам атсалысты. Шара барысында 150 ақ қайың, 150 қарағай және 150 терек отырғызылды.

Акция аясында сенбіліктер тұрақты түрде өткізілетін болады. Шара аумақтарды тазалап, көркейтуге, ашық аулалық спорт алаңдарын салып, көріктендіруге, ағаш отырғызып, жас көшеттерді күтуге, жол бойындағы инфрақұрылымды абаттандыруға, өзен алқаптарын тазартуға, ардагерлер, зейнеткерлер, әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтар мен мүмкіндігі шектеулі адамдардың үйлері мен шаруашылықтарын көркейтуге жәрдемдесуге бағытталған.

Шараның басты мақсаты – жас ұрпақты патриотизм және еңбекті қадірлеу бағытында тәрбиелеу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және де Отанға сүйіспеншілік негізінде азаматтық сана-сезімді дамыту.

astana.gov.kz

 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!