Астана процесінің келесі кезеңі 30-31 қазан күндері өтеді

20:15, 19 қазан 2017

Осы айдың аяғында Астанада Сирия мәселесі жөнінде жоғары деңгейдегі жетінші халықаралық кездесу өтеді. Оған кепілгер елдердің өкілдері қатысады. 

Сондай-ақ келіссөздердің 7-ші раундына Сириядағы қарулы оппозицияның өкілдері де қатысады деп жоспарлануда. Келіссөздер барысында тараптар бірқатар ортақ мәмілеге келеді деп күтілуде. 

Астанада қыркүйекте өткен келіссөздердің алтыншы раунды жемісті өткен болатын. Онда тараптар Сирияда деэскалация аймақтарын құру туралы меморандум ережелерін іске асыруға уағдаласқан болатын. Сирияда құрылған деэскалация аймақтары аталған қақтығыстың көлемін едәуір төмендетіп, елдегі гуманитарлық жағдайды жақсартуға мүмкіндік берді.

Әнуар Жайнақов, ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі:   

– Кездесу 30-31 қазанда Астанада өтеді. Келіссөздер барысында тұтқындарды, қамауда отырғандарды босату, қаза тапқандардың денелерін беру және іс-түзсіз жоғалғандарды іздестіру бойынша жұмыс тобының ережесін бекіту жоспарлануда.

 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!