Астана процесі: Қазақстанға Сирия оппозициясының делегациясы келді

11:48, 22 қаңтар 2017

Астана процесіне қатысушылардың сапары туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов мәлім етті.

«Осы уақытта елімізге Ресей, Түркия, Иран елдері мен БҰҰ-ның Бас хатшысының Сирия бойынша арнайы елшісі Стаффан де Мистура және Сирия оппозициясының өкілдері келді», – деп нақтылады Әнуар Жайнақов.

Ол сонымен қатар бүгін кешке дейін елімізге Сирия үкіметі делегациясының келетіндігі туралы айтты.

«АҚШ-тың атынан Сирия мәселесі бойынша өтетін келіссөздерге осы елдің Қазақстандағы елшісі қатысады», – деп жалғастырды Жайнақов. Сирия мәселесі бойынша өтетін халықаралық келіссөздер Астанада 23 қаңтар күні басталады.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!