Астана мен Ақмола облысында бұрқасын болып, күшті жел тұрады

18:52, 19 ақпан 2017
620

ҚР ІІМ ТЖ Комитеті дауылды алдын ала ескертуды таратты.

«20-21 ақпанда Ақмола облысында бұрқасын, кей жерлерде күшті жел күтілуде. Оңтүстік батыстан соққан жел күшейіп, жылдамдығы 15-20, кей жерлерде 23-28 м/сек жетеді. Астана қаласында 20-21 ақпанда бұрқасын болуы ықтимал, 15-20 м/сек жылдамдықпен жел соғады», – делінген ТЖ Комитетінің хабарламасында.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!