Астана мектептерінде сабақ болмайды
Астана қаласында ауа райының қолайсыздығына байланысты мектеп оқушыларының сабағы тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық Білім басқармасына сілтеме жасап.
"2018 жылдың 29 қарашасы күні ауа райының колайсыздығына байланысты қала мектептерінің екінші ауысымындағы 0-11(12) сынып оқушылары үшін сабақ болмайды", - деп хабарлады Білім басқармасының ресми өкілі Жазира Асанова.
Айта кетейік, бірінші ауысымда оқитын 1-11 сынып оқушылары үшінші сабақтан кейін үйлеріне қайтарылды. "Қазгидромет" РМК 28-30 қараша күндері еліміздің 8 өңірінде күн суытатынын хабарлады.
Астана қаласында қар жауып, бұрқасын және көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің бағыты солтүстік-батысқа ауысып, оның екпіні таңертең және түнде 15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с жетуі мүмкін. 30 қараша түнде ауа температурасы 15-17 градусқа дейін төмендейді.
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:59, 25 сәуір 2024
Тоқаев адам құқықтары жөніндегі комиссияның жұмыс тәртібі мен құрамына өзгерістер енгізді
-
09:24, 25 сәуір 2024
Қазақстаннан қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын шығаруға тыйым салу уақыты ұзартылды
-
09:19, 25 сәуір 2024
Қызылорда облысында тәулік бойы жұмыс істейтін кітапханасы бар «руханият» орталығының іргетасы қаланды
-
22:53, 24 сәуір 2024
«Торсыққа су жинаймыз». Қазақстанда тұңғыш рет Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді
-
22:38, 24 сәуір 2024
ОПЕК + келісімі: Қазақстан мұнай бойынша асыра орындалған көлемдерді біртіндеп өтейді