«Астана – мейірімді қала» қайырымдылық керуені жолға шықты

22:32, 22 наурыз 2018

Бүгін ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілдігі «Нұр Астана» орталық мешітінің жанынан Аягөз қаласындағы су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға арналған «Астана – мейірімді қала» акциясы аясында қайырымдылық керуені жолға шықты, деп хабарлайды zakon.kz "Нұр Астана" орталық мешітінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Акция аясында Астана қаласындағы өкілдікке қарасты мешіттердің атсалысуымен 16 тонна азық-түлік пен киім-кешек жиналды. Шараға Астана қаласы Қоғамдық даму басқармасының басшысы Данияр Нұрашұлы, Дін проблемаларын зерттеу орталығының басшысы Жүсіп Рахатұлы қатысты. Қайырымдылық керуенін «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы Мұқанов Асқар Әбітайұлы бата беріп, жолға шығарып салды.

ҚМДБ-ның Астана өкілдігі - «Нұр Астана» орталық мешіті қайырымдылық шараларын ұдайы ұйымдастырып келеді. Әр жылы көктемде табиғат салдарынан зардап шеккен аудандарға қол ұшын созу басты назарда. Атап айтар болсақ, бұған дейінгі жылдары Қарағандыға, Атбасарға, СҚО Тайынша ауданына бірқатар көмек жіберілген еді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!