«Астана-Көкше» ЖШС директоры бюджеттен «ақша жеген» сияқты

11:15, 8 қараша 2019

Нұр-Сұлтан қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша "Астана-Көкше" ЖШС директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол "М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры" МҚКК ғимаратын қалпына келтіруге бөлінген 32 млн теңге сомасындағы қаражатты иемдену жолымен жымқырғаны үшін күдікке ілінді.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Күдікті кінәсінің деңгейі туралы соңғы шешімді сот шығарады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!