Астана қалалық МКД ЭТҚ офицері ірі көлемде пара алу кезінде ұсталды

14:31, 17 тамыз 2018
432

Астана қаласы бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметінің офицері пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттік өкілі Нұрлан Жахинге сілтеме жасап.

"11 тамызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменттің қызметкерлері пара алды деген күдікпен Астана қалалық МКД Экономикалық тергеу қызметінің аға тергеушісін әшкереледі", - деп мәлімдеді Жахин.

Күдікті 5 мың доллар көлемінде заңсыз сыйақы алып жатқан жерінен ұсталған. Ол бұған дейін ЖШС басшысымен оған қатысты ақша жымқыру дерегі бойынша қозғалған қылмыстың тергеуді тоқтату үшін 15 мың долларға келіскен. Ақшаны қаржыны жымқырған соң қылмыстық қудалауды тоқтату үшін ЖШС директоры берген.

Ұсталған офицер кінәсін толық мойындағандықтан, оны қамауға алмады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды", - деді ведомство өкілдері.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!