Астана әуежайында есірткі алып өтпек болған Ресей азаматы ұсталды

14:06, 17 қазан 2018
467

Көлік полицейлері Астана халықаралық әуежайында есірткі затының контрабандасы үшін Ресей Федерациясының азаматын ұстады, деп хабарлайды baq.kz.

«Көліктегі ІІД-нің қызметкерлерімен жедел-профилактикалық іс-шараларын жүргізу барысында Астана қаласының халықаралық әуежайында «Астана-Мәскеу» бағытындағы әуе рейсімен ұшпақ болған 52 жастағы Ресей Федерациясының азаматы ұсталынып, одан жалпы салмағы 17,308 грамм «кептірілген марихуана» есірткі заты тәркіленіп алынды және бұл есірткі затын Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан заңсыз алып өтпек болған», - делінген көліктегі ІІД-нің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Аталған факті ҚК-тің 286-бабы 1-тармағымен (Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне тіркелінді.

Тергеу амалдары жүргізілуде.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!