Астана әуежайында ерсі қылық танытқан Қытай азаматы жауапқа тартылды
© Сурет: Көліктегі полиция департаменті
Астана халықаралық әуежайында Қытай азаматы қоғамдық тәртіпті бұзып, жауапқа тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметінің 2025 жылы 17 қарашада хабарлағандай, Астана қаласының халықаралық әуежайының екінші қабатын патрульдеу барысында ішкі әуе рейстеріне арналған күту залында полиция қызметкерлері Қытай Халық Республикасының 47 жастағы азаматын анықтады. Ол қоғамдық мінез-құлық нормаларын бұзып, белгіленбеген жерде мұрнын сіңбіріп, айналасындағыларға құрметсіздік танытып, қоғамдық орынды ластаған.
"Көлік полицейлері құқықбұзушыны қоғамдық орындарды ластағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты. Көліктегі ПД қоғамдық тәртіп пен тазалықты сақтау – әрбір азаматтың міндеті екенін еске салады. Мұндай құқықбұзушылықтар айналадағы адамдарға қолайсыздық туғызып қана қоймай, адамдар көп жиналатын орындардағы белгіленген тәртіпті бұзады", - дейді полициядағылар.
2025 жылдың басынан бері Көліктегі полиция департаменті әртүрлі әкімшілік құқықбұзушылық жасаған 80 886 адамды жауапкершілікке тартты, олардың 7 049-ы қоғамдық орындарды ластағаны үшін жазаға кесілген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:57, 6 желтоқсан 2025
Түркістан облысында жұдырығына ерік берген шенеунік жұмысынан айрылып тынуы мүмкін
-
17:45, 6 желтоқсан 2025
«Боран, көктайғақ». Астана мен еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
16:52, 6 желтоқсан 2025
Кеңсайдағы өрт: бір отбасы баспанасы мен екі көлігінен айырылды
-
16:30, 6 желтоқсан 2025
Чернобылдағы саркофаг негізгі қауіпсіздік функциясын жоғалтты - МАГАТЭ
-
15:57, 6 желтоқсан 2025
Ақтөбедегі тұзға қатысты жағдай: Сауда министрлігі мәлімдеме жасады





