Астана әкімі Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға кірісті

12:00, 22 сәуір 2017

Астана әкімі Әсет Исекешев  «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ кеңсесінде қаланы халықаралық көрмеге дайындау және елорданы дамыту мәселелері бойынша кеңейтілген кеңесте Мемлекет басшысының айтқан ескертулері бойынша таңертеңнен қала объектілерін аралап шықты. 

Қала басшысы тұрғын алаптарының құрылыс алаңдарында болып, құрылыс алаңдарының санитарлық жағдайын, абаттандыру ережелерінің сақталуын, дөңгелек жуу бекеттерінің және ол жерден автожолға дейін қатты төсемнің бар-жоғын тексерді. Әкім тиісті ведомстволардың басшыларына абаттандыру мәселелерін бір апта ішінде шешу туралы тапсырма берді, сондай-ақ, абаттандыру және санитарлық күтіп-ұстау ережелерін сақтамаған бұзушыларды жауапкершілікке тартуды бұйырды. Әкім қала аумағындағы заңсыз құрылыс үйінділерін жойып, құрылыс алаңдарында қатты тұрмыстық қалдықтарды үюге жол бермеуді талап етті.

Сондай-ақ, әкім қаланың орталық және қосалқы көшелерімен жүріп өтті, үш ауданның ықшам аудандары мен тұрғын алаптарын аралады, осылайша жол төсемінің, тротуарлардың, ғимараттардың қасбеттерін, көшені жарықтандыру тіректерінің, жаяу жүргінші жолдарының және көгалдардың жағдайын тексерді. Аулааралық жол өткелдері, көлік көп қойылатын орындар мен паркингтер тексерілді.

 

Нәтижесінде қала басшысы елордадағы нысандар, аулалар мен көшелер тазалық пен тәртіп талаптарына жауап беріп, тұрғындар үшін қауіпсіз болуы керектігін атап көрсетті. Жауапты қызметтердің басшыларына барлық қоғамдық нысандардың жағдайын күнделікті бақылауға алуды тапсырды. Сонымен бірге, қала басшысы талаптарды орындамаған қандай да бір учаске үшін жауапты бірінші басшылар, оларға қарайтын жұмыскерлер қатаң жазаланатынын айтты. Тиімсіз жұмысы анықталған жауапты ұйымдарға қатысты әкімшілік түрдегі қатаң шаралар қабылданады, деп мәлім етті әкім.

Бұл туралы Астана қаласының ресми сайты хабарлайды.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!