«Астана біздікі!..». Полиция видеодағы мұздай қаруланған жігіттің кім екенін анықтады

21:13, 16 қараша 2019

Нұр-Сұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметі «Астана - біздікі» деп мұздай қаруланып, көлікпен қала ортасында ойқастап жүрген жігіттің видеосына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

- Биыл 14 қарашада әлеуметтік желіде жарияланған видеоға сәйкес, елордалық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, ондағы жігіттің бұрын сотты болған 24 жастағы қала тұрғыны екенін анықтады, делінген хабарламада.

ҚР Қылмыстық кодекстің 287-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі қолға алынды.

Қазіргі уақытта полиция оны ұстау үшін шаралар қабылдауда.

Видосы мына тақырып сілтемесінде: "Астана біздікі!..". Желіде мұздай қаруланған жігіттің видеосы тарауда


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!