Астана атауы Нұрсұлтан болып өзгеретін болды

16:32, 20 наурыз 2019

Парлемент палаталарының бірлескен отырысында Астананың атауын өзгерту мақұлданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен қатар Қазақстан Конституциясына тиісті өзгертулерді енгізу де құпталды.

Осылайша президент Қазақстанның Тұңғыш Президентінің ел алдындағы ерен еңбегін тарихта қалдырмақ.

Президент аппараты да, мәжіліс мен сенат депутаттары да бірауыздан "ҚР Конституциясына өзгертулер енгізу туралы" заң жобасының қабылдануын қолдап шықты.

 


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!