Астана, Алматы және Шымкентте алдағы үш күнде ауа райы қандай болады
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Астана, Алматы және Шымкент қалаларында алдағы үш күнде ауа температурасы көтеріледі. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мамандары 2025 жылдың 13, 14 және 15 қарашасына арналған ауа райы болжамында хабарлады, деп жазады Zakon.kz.
Астана бойынша ауа райы болжамы
13 қараша: ауыспалы бұлтты, түнде және таңертең аздаған қар. Тұман, көктайғақ. Солтүстік-батыс желі 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде –6...–8°С, күндіз –2...–4°С.
14 қараша: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-шығыс, оңтүстіктен соққан жел 3–8 м/с. Температура түнде –8...–10°С, күндіз 0...+2°С.
15 қараша: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік және оңтүстік-батыс желі 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде –2...–4°С, күндіз +2...+4°С.
Алматы бойынша ауа райы болжамы
13 қараша: ауыспалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Батыстан соққан жел 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +2...+4°С, күндіз +9...+11°С.
14–15 қараша: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан жел 3–8 м/с. Температура түнде 0...+2°С, күндіз +10...+12°С.
Шымкент бойынша ауа райы болжамы
13 қараша: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соққан жел 3–8 м/с. Температура түнде 0...+2°С, күндіз +17...+19°С.
14–15 қараша: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыс желі 8–13 м/с. Ауа температурасы түнде +2...+4°С, күндіз +17...+19°С.
Бұған дейін синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде аяз –20 °С-қа дейін жетуі мүмкін екенін хабарлаған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:10, 7 желтоқсан 2025
Құтқарушылар алматылықтарға қолайсыз ауа райына байланысты үндеу жасады
-
17:35, 7 желтоқсан 2025
Ақмола облысындағы жолда полицей қаза болды
-
17:09, 7 желтоқсан 2025
8 желтоқсанда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
16:46, 7 желтоқсан 2025
IBA аясындағы әлем чемпионаты: бүгін ел намысын үш боксшы қорғайды
-
16:32, 7 желтоқсан 2025
Димаш Құдайберген туралы кітап басылып шықты





