«Асқар тау, әкем...». Сириядан қайтарылған қазақ сотта жылап, сөйлей алмай қалды

10:12, 6 желтоқсан 2019

Қазақтарды "аджам", яғни "араб еместер" деп шетке тепкен. Тіпті, арабтар алдап, қолдан аштық ұйымдастырып, балаларына дейін зәбір көрсеткен. Басынан өткен осындай құйқайды Сирияға барғандар сотта жылап тұрып айтты, деп хабарлайды zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Аманжол Жансеңгіров, сотталушы:

- Көшелерде, базарларда "аджам", "араб емес" деген сөздерді көп естуші едік. Алайда ол сөздердің мағынасы терең екенін мен кеш түсіндім. Біз, аджамдар, көбісі аш жүргенде, қолдарында қойманың тамағын таратпай, сатпай, жолын, яғни азық-түлік жолын жабылатынын бізге, аджамдарға хабарламай, өтірік айтып, ашық болады деп, тосын аштыққа ұшыратты.

"Көрген қиындығын баяндап тұрған Аманжол Жансеңгіров 7 жыл дегенде "Жусан" операциясымен елге оралып отыр. Сотталушылар бүгін соңғы сөзін айтып болды. Бірақ олардың басынан өткергендері адвокаттарына қызық болмаған сыңайлы. Заңгерлердің бірі сот үстінде бас бармағын ебедейсіз қылықпен көрсетті. Сириядан қайтып оралып, соты өтіп жатқан 14 қазаққа прокурорлар 10-нан 17 жылға дейін сұраған еді. Енді сот үкім шығаруы керек. Бәрі де айыбын ішінара мойындап, жазасын өтеуге дайын. Дегенмен соттан жеңіл жаза беруін сұрайды. Елге қайтқанына қатты қуанғандары қамауда жатып шығарған өлеңдерін оқыды. Тіпті толқып, көз жасына да ерік берді", - дейді телеарна тілшісі.

- Асқар тау әкем! Мәпелеген анам! Ақ сүттеріңді ақтай алмағаныма мені кешіріңдер!


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!