Асқар Мырзахметов жұмыс сапарымен Т.Рысқұлов ауданына барды

12:35, 9 қазан 2019
758

Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовтың Т.Рысқұлов ауданынындағы жұмыс сапары Құмарық ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуден басталды.

Жиында округ әкімі Қанат Смат тұрғындардың тұрмыстық табысын жақсарту пилоттық жобасы аясында ауылда атқарылып жатқан жұмыстар барысын баяндады. Құрамына үш елдімекен кіретін округте барлығы 630 аула бар болса, 502 аула тұрғындары жоба аясында тұрмысын тіктемек.

Аймақ басшысы ауқымды жобаның маңыздылығын айтып өтіп, оған мүмкіндігінше барлық ауланы тарту қажеттілігін жеткізді. Өз кезегінде тұрғындар да көкейдегі көп сауалдарын жолдап, нақты жауаптар ала білді.

Округтегі жобаға қатысуға ынталы 502 ауланың 458-сі үй маңындағы жерді тиімді пайдалану, 142-сі мал шаруашылығымен айналысу бағытында кәсіптерін дамытуға ниетті.

Ал, үшінші бағыт бойынша мал бордақылауға қажет мал азығын даярлау үшін ауылдықтарға 800 гектар егістік алқап қажет болса, жайылымдық жер жеткілікті. Қазіргі таңда ауылда "Құмарық-Тау» АШК құрылып, оған қажетті техника мен жабдықтар сатып алу жоспарлануда.

Кездесуден соң Асқар Исабекұлы Құлан ауылындағы орталықтандырылған ауыз су ғимаратының мәселесімен танысты. Осыдан он алты жыл бұрын жер сілкінісі кезінде нысанның біраз бөлігі бүлініп, бірқатар құрылғылар істен шыққан болатын. Сонын салдарынан ауыз су таратуда айтарлықтай мәселелер туындауда екен. Мәселеге көз жеткізен Асқар Исабекұлы нысанды жөндеу жұмыстарын жүргізуді тапсырып, дегенмен бюджет қаражатын үнемді жұмсау мақсатында қажетті қаражатты оңтайландыруды міндеттеді.

Бүгінде облыс тұрғындарының тұрмыстық табысын көтерудің жобасы аясында құмарықтықтар қосалқы шаруашылықтарын дамыту шараларын қолға алып үлгерген. Баянды бастаманың игілігін көруге асық тұрғындар тиісті жұмыстарды бүгіннен бастап кеткен. Солардың бірі -Алғабас ауылының тұрғыны Гүлбағира Айжанова.

Зейнеткер қазіргі таңда үй іргесіндегі жерін тиімді игеру үшін күздік сарымсақ егу ісіне қызу кіріскен. Оның 50 соттық шарбағындағы егіншілік жұмыстарына ауылдастары асарлатып, көптеп көмектесуде.
Біріккен жерде - береке бар екенін жете түсінетін ауылдықтар сұранысқа ие сарымсақты егуге білек түре бет бұрған. Осындай іспен айналысып отырған дәл қазір он бестен аса аула бар. Олардың бәрі күздік сарымсақтарын ерте жазда қазып алып, екінші айналымда басқа көкөніс егіп, мол өнім алуға ниетті.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!