Асқар Мамин Катар Премьер-министрінің орынбасарымен келіссөздер өткізді
ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Катар Премьер-министрінің орынбасары Хамад бин Абдулазиз әл-Каваримен келіссөздер өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Катар ‒ Қазақстанның араб әлеміндегі маңызды саяси серіктесі. Біздің елдеріміз арасында Қазақстанның Тұңғыш Президенті ‒ Елбасы Н. Назарбаев пен Катардың жоғары басшылығы негізін салған сенімді әрі ашық саяси диалог орнаған. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев сыртқы саясаттағы сабақтастықты ұстана отырып, Катармен ынтымақтастықты дамытуға үлкен мән береді", — деді Асқар Мамин.
Үкімет басшысы сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы ынтымақтастықты арттыру үшін үлкен әлеуеттің бар екенін атап өтті.
Елдер арасында визасыз режим орнаған, осы жылдың желтоқсан айында Нұр-Сұлтан мен Доха арасында тікелей рейстер ашылады деп жоспарлануда. Алдағы уақытта тұрақты рейстер аптасына 7 рет тек астаналар арасында ғана емес, сонымен қатар Алматы мен Доха арасында да ашылмақ, сондай-ақ, Қазақстанда енгізілген ашық аспан режимі аясында "әуе еркіндігінің" бесінші дәрежесімен аптасына 7 жүк рейсі орындалатын болады.
Тараптар туризм, көлік, денсаулық сақтау, білім беру және басқа да салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:45, 25 сәуір 2024
Тоқаев ел азаматтарын өзгелердің ақпараттық майданына араласпауға шақырды
-
12:28, 25 сәуір 2024
Президент Қазақстан азаматтығынан шығуға ниет білдіргендер туралы айтты
-
12:16, 25 сәуір 2024
Лаңкестік қауіп-қатерлер тағы да алғы шепке шықты, деп есептейді Тоқаев
-
11:42, 25 сәуір 2024
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында Тоқаев қандай мәселелерді көтерді
-
11:03, 25 сәуір 2024
Алматыдағы түңгі клубта арнайы операция өткізілді