Арыстағы төтенше жағдай облыс әкімі Шөкеевтің бақылауында

15:19, 24 маусым 2019

Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеев Арыстағы әскери бөлімшеде орын алған жарылысқа байланысты оқиға орнына барды, деп хабарлайды Zakon.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі таңда арнайы штаб құрылып, әскерилер мен құқық қорғау органдары ТЖ аймағына келіп жетті.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, тұрғындар

1.Ақдала бұрылысы

2. 41 разъезд

3. Водозобор бағытында лагерльерге орналастырылады.

Аталған үш бағыт бойынша әскери көліктер, камаздар мен арнайы жасақ жұмылдырылуда.

Лагерь басында тұрғындарды аудан әкімдері қарсы алып, жайғастырады. Әлеуметтік нысандарды (аурухана, балалар) полиция қызметкерлері көшіруде.

Қазір көптеп тарап жатқан "Бөген" су қоймасынан келетін қауіп туралы ақпараттың жалған екенін мәлімдейміз.

Сондай-ақ,Отырар мен Ордабасы аудандарында 100 орындық екі госпиталь ашылды. Қосымша 30 жедел медициналық көлігі жұмыс істеуде.



Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!