Арыс қаласындағы әскери бөлімшеде үлкен жарылыс болды

11:17, 24 маусым 2019

24 маусымда Түркістан облысындағы әскери бөлімшеде жарылыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ІІМ Төтенше жағдай комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- 09:20-да өрт сөндіру қызметінің пультіне Түркістан облысы Арыс қаласындағы қоймада жарылыс болып, оның арты өртке ұласқаны туралы хабарлама келіп түсті, - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Оқиға орнына Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар қызметі департаментінің жеке құрамның 30 адамы мен өрт сөндіретін 8 техника тартылды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!