Артур Төлепов қалыңдығын ұзатып алды

10:44, 21 маусым 2018
412

Төлеповтер әулетінде үлкен қуаныш! Үйдің тұңғышы Артур отау құрды. Актердің сүйіктісі Мәдинаның ұзату тойы бүгін, яғни 20 маусым күні өтіп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Артур Қарағандының бұрымды аруына былтыр інісі Асылханның тойында ұсыныс жасаған болатын. Ол ата-анасы мен туған-туыстарының алдында Мәдинаға деген сезімін білдіріп, тіпті тізе бүгуден тайсалмады. Сол кезде-ақ көпшілік екі жасқа бақыт тілеген еді.

“Туған-туыстарым мен ата-анамның алдында сені бақытты етуге уәде беремін”, – деген еді Артур.

Айта кетейік, Артурдың таңдаған жары – Қарағандының сұлуы Мәдина. Былтыр ғана қолына диплом алған ару Алматы технологиялық университетінің түлегі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!