Артур Платонов партияда жаңа қызметке тағайындалды

12:34, 26 ақпан 2021
397

© Сурет: inform.kz

Артур Платонов "Nur Otan"-ның Партиялық бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысымен Артур Платонов "Nur Otan"-ның Партиялық бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Артур Станиславовичтің қоғамдық және партиялық жұмыста жинақтаған мол тәжірибесі Комитет қызметін күшейте түсуге мүмкіндік беретініне сенімдімін, деп жазды Бауыржан Байбек Твиттерде.

Сондай-ақ Мәжіліс төрағасының орынбасары болып сайланған Комитеттің бұрынғы басшысы Павел Олегович Казанцевке атқарған жұмысы үшін алғысын білдірді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!