Археологтар Түркияда б.з.д ІІ ғасырға жататын «асхананы» тауып алды

10:37, 29 шілде 2021

© Сурет: Ankara University/Kutalmis Gorkay

Археологтар Түркияның ежелгі Зеугма қаласында б.з.д ІІ немесе ІІІ ғасырларға қашалған жартастар қорымынан оқшауланған екі бөлмені тапты, деп хабарлайды zakon.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Табылған бөлмелер "асхана" ретінде пайдаланылып, ал үйдің өзі ықпалды, бай отбасыға тиесілі, бұл жерде бірнеше ғасыр бұрын кешкі ас ұйымдастырылған, деп есептейді археологтар.

Қос бөлме күрделі мозайка өрнектерімен безендірілген.

Бұл "ғимараттың иелері зиялылар мен эстетиктер болғанын" дәлелдейді, - дейді қазба жетекшісі, Анкара университетінің археологы Куталмис Геркай.

Археологтар қазба жұмыстарын осы жылдың аяғында аяқтаймыз деп үміттенеді, сол кезде туристер ол араны тамашалай алатын болады.

Тавр таулары мен Евфрат өзенінің маңынан табылған ежелгі қаланың негізін гректер б.з.д 300 жылы қалаған әрі бастапқыда ол жер Селевкия деп аталды. Даму шыңында мұнда 80 мыңға жуық тұрғын өмір сүрген. Шамамен б.з.д. қаланы римдіктер жаулап алды, олар оның атауын Зеугма деп өзгертті.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!