Apple Twitter-де жарнамаларын қайта бере бастады

13:03, 4 желтоқсан 2022
150

© Cурет: pixabay

Илон Маск Apple Inc. Twitter-дегі жарнамасын "толығымен қалпына келтіргенін" айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Илон Маск 3 желтоқсанда Apple Inc. Twitter-дегі жарнамасын "толығымен қалпына келтіргенін" және бұл дүниежүзіндегі ең ықпалды екі технологиялық компания арасындағы шиеленісті бәсеңдететінін мәлімдеді.

Маск бұл пікірін Twitter Spaces-тегі сұқбатында айтты. Оның сөзінше, Apple - әлеуметтік желідегі ең ірі жарнама беруші. Миллиардер Apple-дің жағдайына егжей-тегжейлі тоқтап жатпады. Чатқа тікелей эфирге шыққан Маск өзінің жеке ұшағынан екі сағаттан астам уақыт сөйлеген, оны 90 000-нан астам қолданушы тыңдаған.

Кейінірек миллиардер өзінің ойнақы қалпына салып, "Жарнама берушілер Twitter-ге оралғаны үшін алғыс айтамын" деген твит жариялады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!