Анталияда 4,1 балдық жер сілкінісі болды

16:57, 7 тамыз 2022

© Сурет: pixabay

Түркияның курорттық провинциясы Анталияда 4,1 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

A Haber телеарнасының хабарлауынша, жер сілкінісінің ошағы Анталиядан 3,85 шақырым қашықтықта орналасқан Каш ауданында жағалаудан, яғни теңіз бетінен 31,89 шақырым тереңдіктен тіркелді.

Толқындап соққан жер асты дүмпулері сағат 11:02-де басталып, тіркелді.

Құрбандар мен қирандылар туралы ақпарат келіп түспеді.

3 тамызда Анталияда 4,2 балдық жер сілкінісі болды. Ол Кумлуджа провинциясында тіркелген еді.

Айта кетсек, 2022 жылы 2 шілдеде Иранда жер сілкінісінен үш адам қаза тапты. Тағы 19 адам зардап шекті.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!