«Анаға апарар жол» АҚШ кинотеатрларында көрсетіледі
2018 жылдың күзінде қазақстандық режиссер Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» фильмі АҚШ кинотеатрларынан көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл жаңалықты режиссер өзінің Инстаграм парақшасында жариялады.
«Достар, WWMPC (World Wide Motion Pictures) компаниясы «Анаға апарар жол» фильмін АҚШ аумағында көрсету құқығын иеленді. Осы күзде біздің фильм АҚШ кинотеатрларының прокатына енеді. Фильмнің әлеуметтік желідегі жеке парақшасын қарай жүріңіздер», - деп жазды Ақан Сатаев.
Айта кетейік, кинода ананың шексіз мейірімі, туған жерге адалдық пен сүйіспеншілік жайлы сыр шертіледі. Сонымен бірге, саяси қуғын-сүргін, кәмпескелеу, ашаршылық, Екінші дүниежүзілік соғыс сынды қазақ тарихындағы нәубеттер көрсетілген.
Картина бұған дейін де әлемді мойындатқан болатын. Атап айтқанда, Испания, Ресей, Хорватия кинофестивальдерінде жоғары марапаттарды жеңіп алды. 2018 жылдың наурыз айында «Анаға апарар жол» фильмі Нью-Йорктегі кинофестивальдің «Үздік көркем фильм» номинациясын иеленді.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:51, 28 наурыз 2024
Павлодарда жүкті жеңгесін ұрып-соққан ер адам қамауға алынды: бала шетінеп кеткен
-
22:22, 28 наурыз 2024
Ақтөбе облысындағы тағы бір ауданда төтенше жағдай жарияланды
-
22:00, 28 наурыз 2024
БҚО-да үйін су басқан 400-ге жуық адам тікұшақпен аудан орталығына жеткізіледі
-
21:43, 28 наурыз 2024
Қазақстанның Украинадағы елшілігі азаматтарымызға Одесса және Харьков облыстарынан кетуді ұсынды
-
21:00, 28 наурыз 2024
Ақтөбе облысының екі ауданында төтенше жағдай жарияланды