Америкалықтар асырап алған Марат: «Көмектесіңіздерші!...»
Қазақстаннан асырап алынған америкалық бозбала Өскемендегі туыстарын іздеп, желіде жазба жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.
Жас жігіт өз оқиғасын Facebook-тегі Kazakh American Association парақшасында бөлісті.
Марат Тоқтарұлы Оразғалиев 2001 жылы туған. 2002 жылы оны американдық отбасы асырап алады. Қазір оның есімі - Теодор Уолтон.
"Сәлем! Туған отбасым туралы ақпарат іздеп жатырмын, сіздерден қандай да бір көмек болады деп үміттенемін. Жақында Қазақстандағы отбасымның суреттері табылды. Мен Өскеменде дүниеге келіппін, әпкем мен інім бар екен, соларды іздеймін. Кез келген көмектеріңіз маған пайдалы болар еді", - деп жазды Теодор.
Ол Өскемендегі тегіне ұқсас адамдардың өзіне хабарласуын сұрайды, мүмкін олардың біреуі оның туысы болар.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:59, 23 сәуір 2024
Көкшетауда өрт сөндірушілер өртеніп жатқан үйден төрт газ баллонын шығарды
-
22:28, 23 сәуір 2024
Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерге мектеп оқушылары да көмектесіп жатыр
-
22:03, 23 сәуір 2024
Душанбедегі Grand Slam турниріне қатысатын қазақстандық дзюдошылар анықталды
-
21:56, 23 сәуір 2024
Ислам Сәтбаев - Олимпиадаға қатысатын қазақстандық тұңғыш мерген
-
21:08, 23 сәуір 2024
Су тасқыны: Түркістан облысы тұрғынының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды