Америкалық отбасы асырап алған қазақ қызы Семейден анасын тапты

11:47, 29 мамыр 2020
488

Америкалық Асия Бергер өзінің Қазақстандағы туған анасын тапты, деп хабарлайды zakon.kz.

"Мен туған анаммен қайта қауыштымын және біз өте қуаныштымыз! Көмектеріңіз үшін бәріңізге рахмет !!!", - деп жазды бойжеткен Facebook-тегі жазбасында.

Естеріңізге сала кетейік, 27 мамырда әлеуметтік желілерде америкалық отбасы асырап алған қыз Қазақстандағы ата-анасын іздейтіні туралы ақпарат тараған. Қыз 2000 жылы Семей қаласында дүниеге келген, 2001 жылы оны америкалық отбасы асырап алып, Асия Бергер деген аты-жөн берген. Жаңа отбасында оның бір әпкесі мен бір сіңлісі бар, ол - үйдегі ортаңшы қыз. Қазір ол Флоридада тұрады және колледжде оқиды. Оның туған кездегі аты-жөні Салтанат Әшкенова болған екен.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!