Амандық Баталов Нұр-Сұлтан ауруханасына жатқызылды

15:23, 8 шілде 2020

Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов короавируспен ауырып қалған өңір басшысының денсаулығы туралы айтып берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Амандық Баталовтың коронавирус жұқтырғаны екі апта бұрын белгілі болған еді. Тынысы тарылып, жүрегіне салмақ түсіп кеткен. Дәрігерлер Баталовты Нұр-Сұлтандағы кардиологиялық орталыққа жатқызу туралы шешім қабылдады. Ол қазір ем алуда, денсаулығы аздап жақсарды, - деді Байжұманов брифингте.

Оның айтуынша, Баталов спортпен айналысатын адам, денсаулығы күшті.

Жақын арада ауруханадан шығып, жұмысын жалғастырады, - деп қосты спикер.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!