«Алтын-Орда» базарында үш ғимараттың шатыры өртенген
© Сурет: Instagram/kris.p.almata
Алматы облысы ТЖД "Алтын Орда" базары аумағындағы дәмханалардың біріндегі өртке қатысты ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы облысы ТЖД-ның хабарлауынша, 2 шілдеде сағат 13:19-да кезекші бөлімнің пультіне Алматы облысының Қарасай ауданындағы Алматы-Бішкек тас жолы бойында, "Алтын Орда" базарының аумағында орналасқан "Құрдас-7" базарында үш ғимараттың шатыры өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті: самса пісіретін үй-жайдың шатыры, ломбард ғимаратының және екі қабатты дәмхананың шатырлары.
Өрт сөндірушілер қызыл жалын шалған аумақтың ауданы 200 шаршы метр екенін атап өтті.
Оқиға орнына аттану кестеге сәйкес шақыртудың жоғары дәрежесі бойынша жүргізілді. Отты сөндіруге Алматы облысы ТЖД-ның (16 қызметкер, бес техника), Алматы қалалық ТЖД-ның (11 қызметкер және екі техника), аудандық полиция бөлімінің (алты қызметкер және екі техника) күші мен техникасы жұмылдырылды. Сағат 14: 14-те өрт сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Алматы облысы ТЖД
Өрттің шығу себебін анықтау үшін оқиға орнына ТЖД Өрт сынақ зертханасы мамандары жіберілді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:40, 20 сәуір 2024
Дзюдодан АЧ-2024: Қазақстанның төрт татами шебері қола медалға таласады
-
12:00, 20 сәуір 2024
Алматы облысында жұмыс істеп тұрған ірі есірткі зертханасы табылды
-
11:40, 20 сәуір 2024
Жаңа норма: Вейптерді елімізге тасымалдаушылар мен сатушыларға қандай жаза қолданылады
-
11:19, 20 сәуір 2024
Қырғыз елінде халықаралық іздеудегі Қазақстан азаматы ұсталды
-
10:58, 20 сәуір 2024
Су тасқынынан зардап шеккен 21 мыңға жуық адам өз үйлеріне оралды