Алтай Көлгінов Facebook-те өз парақшасын ашқалы жатыр

10:01, 14 маусым 2019
360

Нұр-Сұлтанның су жаңа әкімі Алтай Көлгінов Facebook-те өз парақшасын ашқалы жатқанын хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

- Құрметті достар! "Instagram-нан" бөлек ең танымал әлеуметтік желі Facebook-те де өз парақшамды ашуды жөн көрдім. Қазіргі қоғамда цифрландырудың не екенін әрбір адам жақсы біледі, әлеуметтік желілер қала тұрғындары жедел ақпарат алып, жаңалықтарды көріп-біліп отыратын коммуникация құралы және сұқбат үшін ең мықты алаңға айналды. Әлеуметтік желілердің арқасында елорда тұрғындары мен қонақтары менімен тікелей байланысқа шыға алатын болады. Қала тұрғындарының барлық өтінімдері мен ұсыныстарын міндетті түрде қарастыратын боламыз, - деді ол Instagram желісінде.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Құрметті достар! Әлеуметтік желілердің осы түрінен бөлек, қолданушысы көп «Facebook» әлемінен де жеке парақшамды ашуды ұйғардым. Цифрлық технологиялар дамыған бүгінгі қоғамда әлеуметтік желілер – тұрғындардың жедел ақпарат алып, жаңалықтармен бөлісетін бірегей диалог алаңы әрі, тиімді байланыс құралы екені сөзсіз. Әлеуметтік желілер арқылы елорда халқы менімен байланысқа шығу мүмкіндігіне ие болады. Тұрғындар тарапынан келіп түскен барлық өтініштер мен ұсыныстар міндетті түрде қарастырамыз. Бірлесе жұмыс жасауға және ашық диалог орнатуға әрқашан дайынмын. Елордамызды жайлы, таза, гүлденген және бұдан да әдемі болуына бірге атсалысайық! _______ Уважаемые друзья! Помимо «Instagram», решил открыть свою страницу в популярной социальной сети «Facebook». В современном обществе, в котором каждый человек знает о цифровизации не понаслышке, социальные сети стали эффективным средством коммуникации и мощной площадкой для диалога,где жители города, получают оперативную информацию, следят за новостями. Благодаря социальным сетям у жителей и гостей столицы всегда будет возможность обратиться ко мне напрямую. Все обращения и предложения горожан будем обязательно отрабатывать. Всегда готов к конструктивному диалогу и сотрудничеству. Давайте вместе сделаем наш город ещё более комфортным, процветающим и красивым.

Публикация от Altay Kulginov (@altay_kulginov_official) 13 Июн 2019 в 8:01 PDT

Қала басшысы өзінің әрқашанда конструктивтік сұқбат пен серіктестікке дайын екенін жеткізді.

- Өз қаламызды бұданда жайлы, көркем әрі әдемі етуге шақырамын, - деді ол қала тұрғындарына.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!