Алматының 2023 – 2025 жылдарға арналған бюджеті бекітілді

14:09, 9 желтоқсан 2022
155

© Сурет: Zakon.kz

Алматы мәслихатының VII шақырылымының кезекті XXXI сессиясында депутаттар қаланың 2023 - 2025 жылдарға арналған үш жылдық бюджетін қолдады және бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Келесі жылға арналған бюджеттің жалпы сомасы - 1 трлн 258,2 млрд теңге. Оның ішінде болжамды меншікті кірістер (1 трлн 138,4 млрд теңге) және республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер (119,8 млрд теңге) есебінен. 2022 жылдың қорытындысы бойынша бюджет түсімдерінің болжамды бағасына сәйкес, 2023 жылға арналған кірістер болжамының өсуі трансферттерді есепке алмағанда (1 138,4 млрд.теңге) шамамен - 103%.

Үш жылға арналған бюджет жобасында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамының негізгі параметрлері ескерілді, Мемлекет басшысының Алматы қаласын одан әрі дамыту жөніндегі тапсырмаларын сапалы іске асыру үшін қажет қаржыландыру қарастырылған.

2023 жылға ұсынылған бюджет жобасы биыл қыркүйекте бекітілген "Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасында және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаларда" айқындалған 7 негізгі бағыт бойынша құрылды.

Бюджеттің шығыс бөлігі былайша бөлінді - бөлінетін қаржының 61,7%-ы қазіргі шығыстарға тиесілі, 18,3%-ы қаланың даму бюджетін, 20%-ы-бюджеттік алулар, ЖАО резерві, мемлекеттік борыш және мемлекеттік міндеттемелер.

"Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасының және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалардың" бірінші басымдығы бойынша 2023 жылға арналған бюджет жобасы аясында жайлы қалалық орта құру жөніндегі коммуналдық инфрақұрылымды дамытуға 175,8 млрд теңге бағытталатын болады. Қарғалы өзенінде су тазарту құрылысын аяқтау және Ақсай өзенінде су тартуды одан әрі жүргізу үшін 8,6 млрд. теңге қарастырылған.

Жол-көлік жүйесін дамыту үшін 300 газбен жүретін автобусы сатып алынады. Батыс бағытта метрополитен желісінің құрылысы жалғасады. Бұл 2024 жылы қаланың батыс бөлігінің 50 мыңнан астам тұрғынына қосымша көліктікті қамтамасыз етеді. Төле Би көшесін ұзарту жалғасады. 2 жолайрығы (Бұқтырма – Құлжа трактісі, Саин – Мөңке би көшесі) тапсыру жоспарлануда.2 коммуналдық автобус паркін жобалау аяқталады. Жол инфрақұрылымы және қауіпсіздік мәселелері бойынша келесі жылы 30 км тротуарлар мен 80 аялдама алаңдары абаттандыру, 200 км жолды орташа жөндеу жоспарланған.

Екінші басымдық бойынша тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін өңдеу өнеркәсібін, туризмді, IT-секторды және креативті индустрияларды дамытуға басты назар аударылды. Алматының Индустриалды аймағының 2 кезеңін 189 гектарға кеңейту жоспарлануда. 2023 жылы 7 өнеркәсіптік парк іске қосылады. Креативті индустрияларды дамыту үшін 10 млрд. теңге сомасына венчурлік қор құру жоспарлануда, оның ішінде жеке инвестициялар есебінен 5 млрд.теңге.

Басқарылатын урбанизацияның үшінші басымдығы аясында Алматы агломерациясын теңгерімді дамыту арқылы Үкіметтің 2040 жылға дейінгі қаланың Бас жоспарын бекітуі жоспарлануда, оны іске асыру дамудағы теңгерімсіздікті жоюға, әлеуметтік, инженерлік және көліктік мәселелерді қамтамасыз етуге, инфрақұрылымның болуын шешуге, Алматы халқының өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Мегаполис бюджеті әлеуметтік бағдарланған күйінде қалады. 2023 жылы Алматының барлық тұрғындары үшін әлеуметтік орнықтылық пен тұрақтылыққа қатысты тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету бойынша төртінші басымдықты іске асыруға шамамен 44% (553,3 млрд теңге) әлеуметтік бағыттағы шығыстарға тиесілі, оның 75% - ы немесе 416,5 млрд теңгесі білім беру саласына жұмсалады.

"Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасын және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаларды" іске асыру аясында білім беру сапасын арттыруға сертификатталған халықаралық менеджмент бағдарламалары бойынша 2 505 тәрбиешіні, 3 мың мектеп мұғалімін, 150 басқарушы персоналды қайта даярлау және біліктілігін арттыру жоспарланып отыр.

"Жайлы мектеп" ұлттық жобасын іске асыру аясында 53 млрд сомаға 22 мектептің құрылысы басталады, жергілікті бюджет есебінен жер учаскелері және оларды инфрақұрылымға қосу мәселелері шешілетін болады. Сондай-ақ келесі жылы Алатау ауданында 1100 орындық 2 мектеп және Жетісу және (№65, №73) Бостандық аудандарында мектептерге (№112, №103) 4 қосымша құрылыс салу жоспарланып отыр.

2023 жылы Алматының 29 мектебінде 7,7 мың балаға арналған "Мектеп автобусы" жобасын пилоттық режимде іске қосу жоспарлануда. 100 жаңа автобус заманауи қауіпсіздік жүйесімен жабдықталатын болады. Келесі жылы 1-4 сынып оқушыларын, сондай – ақ ХӘОТ санатындағы балаларды тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету жобасын іске асыру жалғасады (133 мың бала-оқушылардың жалпы санының 45% - ға жуығы).

Алматылықтарды толғандыратын мәселелердің бірі – тұрғын үй құрылысы, әсіресе жастарды үймен қамтамасыз ету, "Алматы Жастары" тұрғын үй бағдарламасын жергілікті бюджеттен қаржыландыру (1050 пәтер) жағасады.

Денсаулық сақтау саласындағы жобалар мен міндеттерді іске асыру үшіна 31,5 млрд теңге бөлінеді. Тегін дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен және мамандандырылған азықпен қамтамасыз ету көзделген, сирек кездесетін (орфандық) аурулардың 45 түрі бойынша 6 мыңға жуық пациентті, халыққа иммунопрофилактика жүргізу үшін вакциналар мен басқа да медициналық иммунобиологиялық препараттарды сатып алу және сақтау қарастырылған. 8,1 млрд.теңге сомасына медициналық және технологиялық жабдықтарды сатып алу жоспарланды.

Амбулаториялық-емханалық қызметтер көрсету, ҰОС қатысушылар мен мүгедектерді тіс протездерін жасау, телемедициналық орталық және т. б. бойынша қаржыландыру жалғасады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қаланың жаңа стационарларын жобалау және қолданыстағыларын қайта құрылымдау басталады. Олардың қатарында Орталық қалалық клиникалық аурухананың жаңа корпусын салу, 8 көпсалалы аурухана мен босандыру ұйымдарын жаңғырту бар. Бұдан басқа, Алатау ауданында перзентханалық балалар бөлімшесі бар 500 төсектік көпбейінді аурухананы жобалау және МЖӘ тетігі бойынша Медеу ауданында 200 төсектік көпбейінді аурухана салу жоспарланып отыр.

Қаланың басты міндеті - инклюзивті ортаны дамыту. Мүгедектіктің алдын алу және алдын ала ескерту мақсатында 2023 жылы жыл сайын 950 маманды оқытатын ерте араласу Орталығын құру бойынша пилоттық жобаны іске қосу жоспарда.

Алматы әкімдігі арбамен жүретін 200 баланы электр жетегі бар жоғары сапалы жеке кресло-арбалармен, 170 адамды жаңа технологиялар бойынша протездік-ортопедиялық құралдармен және сүйек өткізгіш есту аппараттарымен, сөйлеу процессорларымен қамтамасыз етудің арнайы бағдарламасын іске асыратын болады. 1350 мүгедек жандарды жұмыспен қамтуға 775 млн теңге бөлу жоспарланып отыр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!