Алматының Түрксіб ауданында терроризмге қарсы операция режимі енгізілді

© Сурет: Zakon.kz
26 қаңтар сағат 00:00-ден 27 қаңтар 00:00-ге дейін Алматы қаласы Түрксіб ауданы аумағында антитеррорлық операция режимі енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі қалалық жедел штаб ұйымдасқан қылмыстық топтың бес жетекшісі мен мүшелерінің ұсталғанын хабарлады.
Күдіктілер қаңтардың 4-і мен 6-сы аралығында Алматыда мемлекеттік мекемелер мен коммерциялық нысандарға жасалған қарақшылық шабуылға қатысқан. Ұстау кезінде қару-жарақ (тапаншалар, шолақ мылтықтар, патрондар), ұнтақ тәрізді зат және ерекше иісі бар таблеткалар тәркіленді.
"Құқық қорғау органдарының жұмысына түсіністікпен қарауларыңызды, заң талаптарын қатаң сақтауларыңызды сұраймыз", – делінген Алматы қалалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб таратқан хабарламада.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:23, 23 мамыр 2022
Алдағы үш күнде Қазақстанда қатты жаңбыр жауып, үсік жүреді – синоптиктер
-
11:11, 23 мамыр 2022
«Уақыттан жүйрік ештеңе жоқ екен»: Айнұр Тұрсынбаева келін түсірді
-
11:10, 23 мамыр 2022
Қытай Қазақстанды БРИКС+ диалогына мүше болуға шақырды
-
10:59, 23 мамыр 2022
Сегіз милионның жылқысын ұрлаған семейлік ұсталды
-
10:49, 23 мамыр 2022
Димаш Құдайберген Германияда сұхбат беріп, ең ұлы музыкантты атады