Алматының ПД полицейлердің журналисті соққыға жығуына қатысты пікір білдірді

11:00, 11 маусым 2019

Журналист Шоқан Алхабаевтың дене жарақаттарын алу дерегіне қатысты Алматы қалалық Полиция департаментімен қызметтік тексеріс басталды, деп хабарлайды Zakon.kz қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, Алматы ПД қандай жағдай болса да жауапкершіліктен қашпайтынын және аталған дерек бойынша объективті түрде зерттеу жүргізілетініне кепілдік береді. Сонымен қатар полициядағылар тәртіпсіздіктер мен санкцияланбаған митингтер туралы ақпарат жинау кезінде БАҚ өкілдерінің қауіпсіздігі жайлы ережені естеу ұстау керектігін ескертті. Және бұл ережелер ең алдымен тілшілердің өздерінің қауіпсіздігі үшін бағытталған.

- Қарбаласта құжатқа қарап жатпас үшін медиа өкілдерін бірден тану мақсатында айырым белгілері бар сыртқы атрибутикалардың болуы шарт. Бұл жайлы ІІМ басшылығы бұған дейін бернеше рет айтқан болатын. Журналист Шоқан Алхабаев аталған жағдайда айырым бегісі бар жилет кимеген. Осы ретте ескерген жөн, қоғамдық тәртіпті бұзғандардың ішінде ең алдымен адамдардың өмірі мен денсаулықтарына және қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіретін қылмыстық әрекеттері бар арандатушылар жеткілікті. Сондықтан тәртіпсіздіктер орын алған кезде ішкі істер органдарының міндеті ең алдымен қылмыстық әрекеттерге бой алдырған тұлғаларды құрықтауға және бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталады, - деді Алматының ПД.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!