Алматының Наурызбай ауданында метро салу үшін жер телімдері алынады
![](https://mail.kz/images/0bf1f96dd9b365708ca38e2f21d066a0-slider.jpg)
© Сурет: pexels
Алматы қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 27 маусымдағы "Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы" қаулысы қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қаулыда былай делінген:
Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы Қалқаман стансасынан "Барлық" базарына дейінгі метрополитеннің бірінші желісінің үшінші кезегін салу үшін орналасқан жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау.
Жер телімдерін мәжбүрлеп иеліктен шығару 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады.
Мүлік иелері Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Абай даңғылы 90, 801 кабинет мекенжайы бойынша хабарласа алады.
"Алматы қаласының Жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
- меншiк иелерiн хабардар етуге және заңда белгiленген тәртiппен жер учаскелерiнiң меншiк иелерiне өтемақы төлеудi қамтамасыз етуге;
- жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шаралар аяқталғаннан кейін жер учаскелерін "Алматы қаласының Білім басқармасы" КММ балансына өткізсін.
Қаулы 2024 жылғы 27 маусымда күшіне енді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:56, 14 қаңтар 2025
Павлодарда көпқабатты тұрғын үйден бойжеткен құлады
-
17:42, 14 қаңтар 2025
Юлия Путинцева Australian Open алғашқы айналымында армениялық теннисшіні жеңді
-
17:30, 14 қаңтар 2025
Алматы маңындағы қоймадан ірі өрт шықты
-
17:15, 14 қаңтар 2025
Айбек Сыдықов мәдениет және ақпарат вице-министрі болды
-
17:03, 14 қаңтар 2025
Australian Open: Елена Рыбакина екінші айналымға шықты