Алматының маңайы түгел пробка. Әкімдерге бәрібір ме

11:40, 16 қыркүйек 2019
324

Адам өлді. Біреудің баласы, біреудің әкесі, бір отбасының асыраушысы. Ауруханада 3 адам жатыр, біреуі 3 жастағы бала: жағдайы ауыр, комада жатыр, деп жазады желіде журналист Нәзия Жоямергенқызы.

– Түнде Шамалғанның тұрғындары апат болған жерге жиналып, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов келсін, өлім өткеліне айналған жолдың проблемасын шешсін деп талап еткен. Әкімнен хабар жоқ. Кеше түні бойы Фейсбуктегі парақшасына ресми мәлімдеме жасайтын шығар деп күткенбіз. Жасамады. Түс болды. Әлі хабар жоқ. Алматы облысының тұрғындарына көңіл айтпады, проблеманы шешеміз деп уәде берген жоқ. Есесіне, парақшасында орыс бильярдынан өткен жарысынан сүйінші сұраған хабар тұр, – дейді ол.

Galymurat Zhukel, әкімнің жұмысы қауырт па соншалықты?

Президент Тоқаев бірден әлеуметтік желіден жазды, қайғылы жайттан хабары бар. Шара қолданатыны да анық.

– Кешегі болған қайғылы жайт басқа аймақтарда да жиі кездесетіні жасырын емес. Бір ғана Алматының маңайын айтсақ, "Алтын Орда" базары жақ та өмірі иленіп жатады. Проблеманың шешілетін түрі жоқ. Әкімдердің көпшілігі мүдделі емес. Мүмкін барлық деңгейдегі әкімдерді халық түгел сайлауы керек шығар? Сонда жұмыстарына жауапкершілікпен қарайды. Тұрғындардың проблемаларына құлақ түреді. Жалақысын сол тұрғындар төлеген салықтың есебінен алып, сол тұрғындардың арқасында бала-шағасын асырап отырғанын сезінеді, – делінеді жазбада.

Әкімдерді халық өзі неге сайламайды?

– Мүмкін журналистер қауымы жиі мәселе етіп көтерсе, әкімдер түгел сайланатын шығар? Берік Уәли, Тоқаев не дер екен бұл мәселеге, – дейді Нәзия Жоямергенқызы.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!